Женезис Кармона. ©Latintimes.com
Венесуэлада тәртіпсіздік кезінде "Венесуэла аруы" байқауына қатысушы әрі "Туризм аруы - 2013" атағына ие Женезис Кармонаның басына оқ тиді деп хабарлайды Tengrinews.kz Mirror порталына сілтеме жасап. Елдің Карабобо штатының астанасы - Валенсияда үкіметке қарсы наразылық шарасы кезінде белгісіз біреу 22 жастағы қызды басынан атқан. Бойжеткен ауруханаға дереу жеткізілгенімен дәрігерлер оның өмірін құтқарып қала алмады. Женезис Кармона - кәсіби модель, ол жоғарғы оқу орнының туризм факультетінде соңғы курста оқып жатқан. Айта кетейік, жылдың басында бұл елде "Венесуэла аруы" атағын 2004 жылы жеңіп алған Моника Спир де кісі қолынан өлген еді. Бес жас жігіт оның отбасына шабуыл жасап, өзін өлтіріп кеткен болатын. Еске сала кетейік, Венесуэлада өткен аптадан бері жаппай наразылық шарасы өтіп жатыр. Оппозиция жақтастары Николас Мадуро үкіметіне қарсы бас көтерді. Бүліктің салдарынан алты адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.
Венесуэлада тәртіпсіздік кезінде "Венесуэла аруы" байқауына қатысушы әрі "Туризм аруы - 2013" атағына ие Женезис Кармонаның басына оқ тиді деп хабарлайды Tengrinews.kz Mirror порталына сілтеме жасап.
Елдің Карабобо штатының астанасы - Валенсияда үкіметке қарсы наразылық шарасы кезінде белгісіз біреу 22 жастағы қызды басынан атқан. Бойжеткен ауруханаға дереу жеткізілгенімен дәрігерлер оның өмірін құтқарып қала алмады.
Женезис Кармона - кәсіби модель, ол жоғарғы оқу орнының туризм факультетінде соңғы курста оқып жатқан. Айта кетейік, жылдың басында бұл елде "Венесуэла аруы" атағын 2004 жылы жеңіп алған Моника Спир де кісі қолынан өлген еді. Бес жас жігіт оның отбасына шабуыл жасап, өзін өлтіріп кеткен болатын.
Еске сала кетейік, Венесуэлада өткен аптадан бері жаппай наразылық шарасы өтіп жатыр. Оппозиция жақтастары Николас Мадуро үкіметіне қарсы бас көтерді. Бүліктің салдарынан алты адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.