Жазира Байырбекова сынықшыдан ем алғаннан кейін сахнаға оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазира Байырбекова сынықшыдан ем алғаннан кейін сахнаға оралды Жазира Байырбекова. © instagram.com/zhanbolatzhaziraa

Белгілі әнші Жазира Байырбекова сынықшыдан ем алғаннан кейін сахнаға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің көмекшісі Қазыбек Қожахметовке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әнші Жазира Байырбекова сынықшыдан ем алғаннан кейін сахнаға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің көмекшісі Қазыбек Қожахметовке сілтеме жасап.

Көмекшісінің айтуынша, қазіргі уақытта әнші аяққа тұрған, алайда әлі де баяу қозғалады. 

"Жазира Шымкентте мейрамханалардың бірінде баспалдақтан түсіп келе жатып, аяғын шалыс басқан. Сынғанын бірден білмедік. Дәрігерге қаралғаннан кейін ғана анықталды. 20 күндей дәрігердің қарауында болған соң шаруалары шығып, әнші қайтадан жұмысына оралуы керек болды", - дейді Қожахметов.

Осы уақытта әншіге Instagram желісінде де, достары да қолы жеңіл сынықшыларды ұсыныпты. Сол кеңестердің бірі бойынша халық емін алғаннан кейін әнші сахнаға қайта оралды. "Шамамен 60 пайызға ғана сауықты. Кеше Алматы қаласында Шәмшия Ахметованың ән кешінде ол 2 ән орындады. Оның бірі "Армансыз күнім болмайды" да, екінгісі "Айлы кеш" деген әндер. Әнші баяу қозғалуға мәжбүр. Себебі әншіге әзірше биік өкше киюге болмайды", - деп түсіндірді Жазира Байырбекованың көмекшісі.

Айта кетейік, ем алып жатқан кезінде де әнші Желідегі тыңдармандарын жалықтырмау үшін, ән салып беріп отырды. 

Видео: Instagram.com/zhanbolatzhaziraa

Еске салайық, әнші биыл сәуір айының аяғында аяғын сындырып алған болатын. "Негізі бірнеше күн болды xалық алдына шығу керек болып,асығып жүгіріп бара жатып, баспалдақтан құлап, аяғымды сындырып алғаныма. Бұл Алла тағаланың маған деген мейірімділігі, қамқорлығы. Аллам әрбір пендесін ұмытпайды ғой шіркін! Мені біраз уақыт (режим ұстап) уақытылы демалсын, уақытылы тамақтанып имунитетін көтерсін, витаминдер қабылдасын, жалпы xалық алдында ұзақ жүретін күш жинап алсын деп осылай аяғымды сындырып қойды. Өйтпесе мен өзімді аямай күні түні шапқылап жүре беретін, шақырып тұрған жерге бармауға ысырап жасадым ба деп ысыраптан қорқатын адаммын. Уайымдап қалмаңыздар, Алла қаласа жақын күндерде аяғымды басып жұмысыма кірісемін. Мұнда тек Алланың мейірімділігіне тағы да көзім жетіп отыр!", - деп жазған еді әнші. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети