25 қазан 2017 | 14:56

"Зың-зың" әнінің авторы неден қайтыс болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Нұрымов Болат Нұрымов

"Зың-зың" әнінің авторы Болат Нұрымовтың неден қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның жақын досы Сағи Алмұратов айтып берді. 


Иконка комментария блок соц сети

"Зың-зың" әнінің авторы Болат Нұрымовтың неден қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның жақын досы Сағи Алмұратов айтып берді. 

Нұрымовтың жақын досының сөзінше, белгілі әннің авторы соңғы уақытта өкпесі қабынып қатты ауырып, бір апта ауруханада жатып қайтыс болған. Сонымен қатар, ол Нұрымовтың жаназасы бүгін Шымкентте сағат 13:00-де өз үйінен шығарылатынын айтты.

"Ол 23 қазанда Шымкентте жансақтау бөліміне кешкі уақытта түсті. Ташкентке барып-келіп тұратын. Алайда жағдайы нашарлап, келесі күні, 24 қазанда қайтыс болды. Бүгін, 25 қазанда жерлеу рәсімі өтті. Ол отбасында кенжесі еді. Оның артында жақында екіге толатын баласы мен жары қалды. Өзі ән өңдеумен айналысқан, көптеген танымал жұлдыздармен бірге жұмыс істеген", - деді Алмұратов.


© Сағи Алмұратов

Baq.kz сайтының мәліметінше, Болат Нұрымов 1989 жылы Өзбекстандағы Жизақ облысында дүниеге келген. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде режиссер мамандығы бойынша оқыған. Бұған дейін өзінің жеке студиясында жұмыс істеген және Шымкенттегі "Самал" шағын ауданында тұрып келген.


© Сағи Алмұратов

Үйленгеніне үш жылдай уақыт болған. Артында әйелі және бір баласы қалды.

Еске салайық, Болат Нұрымовтың қайтыс болғаны туралы бүгін белгілі болған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети