Баланың ғылымға деген қызығушылығын оятқысы келетін ересектер бәрін өзінен бастауы керек. Ғалым, ғылымды насихаттаушы Әмина Мирсакиева осындай пікірде. Tengrinews.kz сайтындағы "Білімді ұрпақ" жобасы аясында әлемдегі ең ірі технологиялық компаниялардың бірінің қызметкері, "Белка и Стрелка" подкастының авторы ғылымды таныту бойынша пікірін бөлісті.
Баланың ғылымға деген қызығушылығын оятқысы келетін ересектер бәрін өзінен бастауы керек. Ғалым, ғылымды насихаттаушы Әмина Мирсакиева осындай пікірде. Tengrinews.kz сайтындағы "Білімді ұрпақ" жобасы аясында әлемдегі ең ірі технологиялық компаниялардың бірінің қызметкері, "Белка и Стрелка" подкастының авторы ғылымды таныту бойынша пікірін бөлісті.
Әмина Мирсакиева оптика және оптоэлектроника саласында әлемдік көшбасшы саналатын германиялық Carl Zeiss компаниясында жұмыс істейді. Қазақстандық жұмыстан бөлек, қоғамдық жобаларға да белсене араласады.
"Мен білімді қоғамда өмір сүргім келеді. Бәріне ғылымды түсіндіруге ат салысқаныма қуаныштымын. Маған әлемді танып-білу қызық, сондықтан ғалым боламын деп шештім. Адамның ғылымға барып, сонда қалуына жалғыз себеп осы шығар. Өйткені ғылым - психологиялық тұрғыдан алғанда қиын сала. Ғалым әрқашан әлі жауабы жоқ салада жұмыс істеуі керек. Күн сайын өзіңді ақымақ сезінесің, әрине, бұл әсер етеді. Сондықтан, көптеген ғалым бұл мамандықта қалмай, басқа салаға кетіп жатады. Ғылым оңай емес. Бұл өте күрделі әрі ауыр дүние. Соған қарамастан, ғылымды қарапайым сөзбен сипаттау мүмкін емес", - деді ғалым.
Ол - "Белка и Стрелка" ғылыми подкастының авторы. Оның айтуынша, ғылыми аудиобағдарламалар адамға сыни ойлауды дамытуға көмектеседі.
"Менің ойымша, жастар подкасттарға қызығады. Жалпы, тыңдағанды ұнататын және өте белсенді өмір сүретіндердің бәрі белгілі бір уақытта подкаст тыңдауға көшеді. Мұнда жас бойынша шектеулер жоқ. Контент сапасына шектеулер бар. Егер адам өнерге немесе тарихқа қызықса, онда ол менің ЭКҰ туралы подкастыма қызықпауы мүмкін. Контент пен сол контентті тұтынушы сәйкес келуі керегін түсіну қажет", - деп есептейді ғалым.
Фото Зарина Зоман.
"Менің жазбамды оқығаннан немесе подкастымды тыңдағаннан кейін жазылушылар ғылымның белгілі бір саласында маман бола алмайтынын түсінемін. Бірақ олар әлемді жақсырақ түсінеді, яғни олар ақпаратты сүзгіден жақсырақ өткізе алады. Олар сыни ойлауын дамыта алады және бұл бәрімізге көмектеседі. Бұл бүкіл қоғамды ақылды, саналы және мен аздап бақытты етеді деп ойлаймын", - деді спикер.
Ғылымды жастар арасында сәнді әрі танымал ету мүмкін бе деген сұраққа ғалым бұл үшін ресурстар мен дұрыс тәсілдер қажет деп жауап берді.
"Егер жақсы химиялық зертханалар қол жетімді болмаса, халық бұл туралы естімесе, ғылымды сәнді және танымал ету мүмкін емес. Мектепте, физика және химия сабақтарында адамдар тек эксперименттердің сипаттамасын тыңдайды, оларды өздері жасамайды. Бұлай біреуді баурау мүмкін емес. Мысалы, мен сізге қышқылдың сілтімен реакциясы өте белсенді болады деп айтсам. Иә, бұл керемет естіледі. Ал егер сізге осы экспериментті көрсетсем, онда бұл сізді қызықтыруы мүмкін. Ал егер экспериментті өзіңіз жасасаңыз, онда, кейін оны басқа біреуге көрсеткіңіз келуі мүмкін. Яғни, сіз ғылымды әрі қарай жүргізесіз. Менің ойымша, ғылымға қызығушылық жоқ болуының басты мәселесі - ол дұрыс дайындалмаған, дұрыс түсіндірілмеген. Сізде мұны өзіңіз жасау үшін ресурстар болмаған шығар", - деді ғалым.
Фото: Зарина Зоман.
Әмина Мирсакиеваның айтуынша, жастардың ғылымға деген қызығушылығын ояту үшін ең алдымен аға буын оған қызығуы керек.
"Сіз балалар ғылымға қызығушылық танытқанын қалайсыз, бірақ ересектер YouTube-арналар деңгейінде ойлайды. Бұл жағдай маған жиі кездеседі. Қандай да бір тақырыпты түсіндіріп жатқанда, маған қарапайым, ғылымға қатысы жоқ, Интернеттегі роликтер мен әлеуметтік желілердегі посттарды оқып алған адам келіп дауласа бастайды. Бірақ ғылым бұлай жұмыс істемейді. Егер біздің аға буын ғылыми санаттарда ойланғысы келмесе, сыни ойлауын дамытқысы келмесе, оны балалардан күту өте қиын. Негізінде, сыни ойлау бәрімізде бар. Балаларға назар аударып, олардан ғалым жасаудың орнына, ересектер арасында сыни ойлауды арттыру керек. Ал балаларға ресурстар, мүмкіндіктер беру қажет. Сондай-ақ, оларға ғылымға деген сүйіспеншілік, қызығушылық қалыпты дүние екенін айтып, сол қасиетті бағалау керек", - деді спикер.
Ғалым өскелең ұрпаққа кеңестерін айтты.
"Жастарға айтар бір ғана кеңесім бар. Өзіңізге қызық нәрсемен айналысыңыз. Бүгін біз ғылым туралы, ғылым бәріне ортақ екенін айттық. Бірақ шынын айтайық. Егер сіз ғылымға мүлдем қызығушылық танытпасаңыз, сізді қалай ынталандырса да, оған қызықпайсыз және оны зерттемейсіз. Бірақ сізге сүйікті салаңызды ғылым арқылы түсіндірсем, мысалы, музыкамен айналысасыз, мен сізге дыбыстар, толқындар физикасы туралы айтып берсем, онда сіз одан да көп нәрсені түсінетін шығарсыз. Өзіңізге ұнайтын нәрсені жасаңыз, сонда сүйікті ісіңізге қатысты ғылым өміріңізге оңай енеді", - деп қорытындылады қазақстандық ғалым.
Tengrinews.kz "Білімді ұрпақ" жобасын "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірге жүзеге асырып жатыр. "Білімді ұрпақ" жобасының мақсаты - Қазақстандағы адами капитал байлығын көрсету және белгілі бір деңгейде күш-жігер салынып, мақсатқа ұмтылса, әркім де бағындыра алатын мүмкіндіктерді көрсету. Оның аясында жас ғалымдар, әлемнің жетекші университеттерінің студенттері, инноваторлар, инновациялық стартаптарды жасаған жас кәсіпкерлер және т.б. туралы материалдар жарияланады.