Қырғызстанда ауқымды блэкаут болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда ауқымды блэкаут болды Фото:depositphotos.com

Қырғызстанда электр қуаты өшіп қалды. Бішкек пен елдің бірнеше өңірі жарықсыз қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ке сілтеме жасап.


Тұрғындардың айтуынша, электр қуатындағы іркіліс ел астанасына, сондай-ақ Шу, Ыстықкөл, Нарын және басқа да облыстардағы елдімекендерге әсер еткен.

Электр қуатының сөнуіне байланысты Бішкектің жекелеген аудандарында суық және ыстық су беру тоқтатылды. Сондай-ақ тұрғындар бағдаршамдар жұмыс істемей тұрғаны, байланыстағы іркіліс пен лифтілердің тоқтап қалғаны туралы хабарлады.

"Қырғызстан ұлттық электр желісі" (ҰЭЖ) ААҚ кернеуі 220 киловольт екі жоғары вольтты электр беру желісінің апат жағдайда сөнуі блэкаутқа себеп болғанын хабарлады. Компания мәліметінше, Қара-Балта - Басты және Басты - Шу желілері апат жағдайында ажыратылған.

Нәтижесінде жүктемені ажырату жүйесі автоматты түрде іске қосылып, бұл электрмен жабдықтаудағы іркіліске әкеп соқты. Қазіргі уақытта ҰЭЖ мамандары электр қуатын кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Технологиялық ақау себебі анықталып жатыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +37
Астана +31
Ақтау +31
Ақтөбе +28
Атырау +32
Б
Балқаш +37
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +44
Қызылорда +31
П
Павлодар +27
Петропавл +35
С
Семей +41
Т
Талдықорған +42
Тараз +44
Түркістан +23
О
Орал +32
Ө
Өскемен +44
Ш
Шымкент +36

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер