Қырғызстанда МҰҚК-ның бұрынғы басшысы мен арнайы қызметтің төрт қызметкері ұсталды

Қырғызстанда МҰҚК-ның бұрынғы басшысы мен арнайы қызметтің төрт қызметкері ұсталды

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары, Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру орталығының директоры Оранбек Шадыбеков пен оның қоластында болған бұрынғы төрт қызметкерді әскери прокуратура ұстады. Бұл туралы күштік құрылымдарға сілтеме жасап, Kaktus.media ресурсы жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәліметтерге қарағанда, 6 шілдеде Шадыбеков пен МҰҚК-нің төрт қызметкері әскери прокуратураға жауап алуға шақырылған. Бүгін, 7 шілдеде таңертең олардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кейбір деректерге сүйенсек, арнайы қызмет өкілдері жемқорлық жасады деген күдікке ілінген.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Қырғызстанның күштік құрылымдарында кадрлық ауыс-түйіс болған еді: ҰҚМК басшысы мен бас прокурор ауысты. Ал МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевке билікті күшпен басып алу бабы бойынша үкім шығарылды.

Тағы оқыңыз: Қырғызстан МҰҚК бұрынғы басшысы үкім шыққаннан кейін бір күн өткен соң көпшілік алдына шықты

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама