Қырғызстанда кадрлық ауыс-түйіс: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда кадрлық ауыс-түйіс: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты Фото:depositphotos.com / olli0815 авторының фотосы

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров күштік құрылымдардағы кадрлық ауыс-түйіс туралы бірқатар жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ке. сілтеме жасап.


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров күштік құрылымдардағы кадрлық ауыс-түйіс туралы бірқатар жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ке. сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жұмғалбек Шабданбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.

ҰҚМК төрағасы міндетін атқарушы болып бұған дейін бас прокурор қызметін атқарған Мақсат Асаналиев тағайындалды. Оның кандидатурасы арнайы қызмет басшысы лауазымына кейін тағайындау үшін Жогорку Кенештің келісуіне ұсынылды.

Асаналиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты бас прокурор міндетін уақытша атқару бас прокурордың бірінші орынбасары Мәлік Бектұрғановқа жүктелді.

Осылайша, Парламентпен келісілгеннен кейін Асаналиев ҰҚМК-ні ресми түрде басқаруы мүмкін. Қырғызстан Конституциясына сәйкес, бас прокурорды да президент Жогорку Кенештің келісімімен тағайындайды.

Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, сейсенбіде Асаналиев Мемлекеттік комитет ұжымына таныстырылды.

Асаналиев 1978 жылы 24 наурызда Ыстықкөл облысының Қара-Қоо ауылында дүниеге келген. Қырғыз ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. Қызметін мемлекеттік қауіпсіздік органдарында бастап, ҰҚМК-нің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі және аға тергеушісі болып жұмыс істеген. Кейін прокуратура және құқық қорғау органдары жүйесінде басшылық лауазымдар атқарған. Ол Қырғызстан бас прокуроры болып 2024 жылы тағайындалған еді.

"Кәсіби ортада Асаналиев жұмыс істеудің қатаң стилімен және резонансты қылмыстық істерді тергеудегі принципшіл позициясымен танымал. Дереккөздердің айтуынша, дәл осы қасиеттері оның кандидатурасын ҰҚМК басшысы лауазымына қарастыру кезіндегі негізгі факторлардың бірі болған", - делінген материалда.

Сонымен қатар, басылым мәліметінше, ҰҚМК-нің экс-басшысы Шабданбеков қызметін басқа жоғары мемлекеттік лауазымда жалғастыруы мүмкін.

Шабданбеков Мемлекеттік комитетті 2026 жылдың ақпанынан бастап басқарды. Бұған дейін ол арнайы қызмет төрағасының орынбасары болған және елдің бірінші тұлғаларын мемлекеттік күзетуге жауапты тоғызыншы қызметті басқарған. 2022 жылы оған генерал-майор шені берілді.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда "75-тің ісі" бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр, бұл іс бойынша ҰҚМК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев айыпталып отыр. Сондай-ақ сотталушылар қатарында экс-Бас прокурор Құрманқұл Зулушев, парламенттің бұрынғы спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы және басқа да айыпталушылар бар.

Читайте также

Валюта бағамы

 479.98   545.53   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +19
Ақтау +21
Ақтөбе +14
Атырау +18
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +23
П
Павлодар +16
Петропавл +25
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +26
Түркістан +17
О
Орал +20
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер