Қамшыбек Тәшиевке “75-тің ісі“ бойынша 9 жыл сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қамшыбек Тәшиевке “75-тің ісі“ бойынша 9 жыл сұралды Фото: 24.kg

Бірінші май аудандық сотында Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев айыпталып отырған "75-тің ісі" бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бірінші май аудандық сотында Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев айыпталып отырған "75-тің ісі" бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тәшиев пен басқа да фигуранттар үшін 9 жыл

Сотталушылар орындығында экс-бас прокурор Құрманқұл Зулушев, парламенттің бұрынғы спикері Нұрланбек Тұрғынбек ұлы және басқа да айыпталушылар бар.

Kaktus.media мәліметінше, сот жарыссөзі барысында айыптау тарапының өкілдері барлық сотталушының әрқайсына тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қазіргі уақытта сотта тараптардың жарыссөзі жалғасып жатыр. Сотталушылардың адвокаттары өз ұстанымдарын білдіріп жатыр.

Адвокат Икрамидин Айтқұловтың 24.kg басылымына берген ақпараты бойынша, отырыс кезінде Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік айыптаушыларға айыптаудан бас тарту туралы ұсыныс жасаған. Адвокаттар бұл бастаманы қолдады, алайда прокуратура өкілдері бұл ұсынысқа ешқандай жауап қатпады.

Қамшыбек Тәшиевтің ісі

Бұған дейін адвокат Икрамидин Айткулов Қамшыбек Тәшиевке Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру, сол сияқты конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер" және "Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылғанын айтқан болатын.

Мәселе осы баптың 2-ші және 4-ші бөліктері туралы болып отыр: өзі немесе басқа тұлғалар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында немесе өзге де жеке мүдделілікпен жасалған әрекет, сондай-ақ жауапты лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет.

Қырғызстанның бұрынғы Бас прокуроры Құрманқұл Зулушев пен парламенттің бұрынғы спикері Нұрланбек Тұрғынбек ұлына қатысты жағдай белгісіз. Олар да осы іс бойынша айыпталған.

Мән-жайы

Еске салайық, ақпанда 75 адам Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Жоғарғы кеңес төрағасына мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы үндеу жолдағаны белгілі болған еді.

10 ақпанда Жапаров өзінің досы әрі серіктесін Қамшыбек Тәшиевті барлық лауазымынан босатты. Қырғызстан басшысы баспасөз қызметі мәліметінше, "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекет бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы іріткіге жол бермеу". Жапаровтың баспасөз хатшысы сөзінше, Тәшиевтің жақын ортасындағы адамдар депутаттарға телефон соғып, оларды "генералдың жағына шығуға" және "жаңа президент сайлауына бастамашы болуға" көндірмек болған.

Бұрынғы досы әрі серіктесімен араздасуы туралы айта келе, Жапаровтың өзі бұл мәселені трагедияға айналдырмауға шақырды.

Тәшиевтің отставкасынан кейін күштік құрылымдарда қайта құру басталды: оның орынбасарлары қызметінен айырылды, Шекара қызметі ҰҚМК құрамынан шығарылды, сондай-ақ тікелей президентке бағынатын жаңа Мемлекеттік күзет қызметі құрылды.

Кейінірек қылмыстық іс қозғалды. "75-тің хатына" қол қойғандардың бір бөлігі тергеу изоляторына қамалды. Оларға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылған.

Тағы оқыңыз: “Мен үшін “дос“ деген ұғым жоқ“: Жапаров Тәшиев пен “мемлекеттік төңкеріс әрекеті“ туралы

Читайте также

Валюта бағамы

 485.26   552.61   6.23 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +22
Ақтау +22
Ақтөбе +16
Атырау +21
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +22
П
Павлодар +21
Петропавл +29
С
Семей +32
Т
Талдықорған +26
Тараз +29
Түркістан +19
О
Орал +30
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер