Абсолют чемпион! Қазақстандықтар шахматтан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абсолют чемпион! Қазақстандықтар шахматтан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды ©facebook.com/kazchesskz/

Қазақстандық шахматшылар Грекияда өткен World Youth Rapid Championships турнирінде  5 медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шахматшылар Грекияда өткен World Youth Rapid Championships турнирінде  5 медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапидтен әлем чемпионы атанған ФИДЕ шебері Қазбек Нөгербек бұл жолы Қазақстан қоржынына блиц шахматтан алтын медаль салған.

Ал блицтен 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында 17 жастағы шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық шебер Назерке Нұрғали алтыннан алқа тақты.

14 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыста күміс жүлде кеше рапидтен қола жүлдегер атанған Даниял Сәпеновке бұйырған.

"Бүгін атаулы күн, қазақстандық шахматтың қазынасы марапаттармен толықты. Кадеттер арасындағы жылдам және өте жылдам шахматтан әлем біріншілігінде қазақстандықтар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Біздің чемпиондарымызды, олардың жаттықтырушыларын, ата-аналарын және олардың табысты өнер көрсетуіне ықпал еткен барша жанды құттықтаймын!" - деді қазақстандық шахмат федерациясының атқарушы директоры Әнуар Исмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети