ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2022 | 12:03
Әлімханұлы бокс аңызы болғысы келіп, Мұхаммед Әлиді қайталады
Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жекке неліктен ерекше киіммен шыққанын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жекке неліктен ерекше киіммен шыққанын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектің екінші раундында британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа жіберді.
"Көп адам байқамай қалуы мүмкін. Жаза кетейін. Біз бұл жолы жекпе-жекке басқа шорты таңдадық. Көп боксшылар әдетте жылтыр, дизайны келіскен шорты киеді. Себебі, ол телеарнада әдемі көрінеді. Дұрыс-ақ. Біз де өткен шоуларда сондай кигенбіз. Бірақ осы жолы өте қарапайым стильде, ақ-қара түсті шорты тіктірттік. Мұхаммед Әлидікіне ұқсасын, "олд скул" шорты болсын дедік.
P.S. Бүгін Топ Ренк бір фото жіберіпті. Ашып қарасам ринг үстінен түсірілген екен. Мұхаммед Әлидің де осындай фотосы бар еді деп осында салып қойдым. Әли сияқты QAZAQ STYLE да аңыз болсын!", - деп жазды Әлімханұлы Instagram-да.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также