25 мамыр 2022 12:03

Әлімханұлы бокс аңызы болғысы келіп, Мұхаммед Әлиді қайталады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жекке неліктен ерекше киіммен шыққанын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.


Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жекке неліктен ерекше киіммен шыққанын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектің екінші раундында британдық Дэнни Дигнумды  нокаутқа жіберді.

"Көп адам байқамай қалуы мүмкін. Жаза кетейін. Біз бұл жолы жекпе-жекке басқа шорты таңдадық. Көп боксшылар әдетте жылтыр, дизайны келіскен шорты киеді. Себебі, ол телеарнада әдемі көрінеді. Дұрыс-ақ. Біз де өткен шоуларда сондай кигенбіз. Бірақ осы жолы өте қарапайым стильде, ақ-қара түсті шорты тіктірттік. Мұхаммед Әлидікіне ұқсасын, "олд скул" шорты болсын дедік.

P.S. Бүгін Топ Ренк бір фото жіберіпті. Ашып қарасам ринг үстінен түсірілген екен. Мұхаммед Әлидің де осындай фотосы бар еді деп осында салып қойдым. Әли сияқты QAZAQ STYLE да аңыз болсын!", - деп жазды Әлімханұлы Instagram-да.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TEAM JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_qazaqstyle)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети