Бибісара Асаубаева әлемнің ең мықты шахматшысын жеңді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бибісара Асаубаева әлемнің ең мықты шахматшысын жеңді

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық жарыста әйгілі ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинді ұтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық жарыста әйгілі ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинді ұтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шахмат жұлдыздары" жарысында рапидтен басты фаворит саналған Сергейді ұтқан жалғыз біздің отандасымыз болды. Осылайша, жарыстағы басты сенсацияның бірін тіркеді.

- Жарыс ұйымдастырушылары айтқандай, Бибісара жай чемпион емес екенін байқатқан. Оның ойыны жарыстың көрігін қыздырды, үлкен эмоция мен ерекше нәтиже көрсетті, - деп жазылған хабарламада.

Ресейлік гроссмейстер жеңілісін мойындап: "Мен әлем чемпионынан жеңілдім, өте жақсы ойнайды екен" - деді Карякин.

Жарыстың ресми сайтында жазылғандай, Бибісара турнир басталуға екі күн қалғанда шақыртылып, танымал шахматшы Владимир Крамникті алмастырған.

Рапид жарысынан кейін Бибісара ерекше ойын көрсететін блиц сайысы басталады. Ойындар 28 және 30 қаңтарда өтеді.

Шахмат жұлдыздары қатысып жатқан турнирдің жүлде қоры 15 миллион рубльді құрайды. Сергей Карякиннен бөлек Александр Грищук, Теймур Раджабов, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно секілді өзге де танымал шахматшылар қатысуда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети