Бокстан Әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасында допинг дауы шықты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2020 жылғы Қазақстан чемпионы (60 келі) Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2020 жылғы Қазақстан чемпионы (60 келі) Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл 30 сәуір мен 14 мамыр аралығында Ташкентте өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты қарсаңында болды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, боксшы еліне қайтарылған, ол оқу-жаттығу жиынында жоқ.

"Мен командаға келген соң, қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертіп отырады. Тіпті, көшеден су ішуге болмайтынын да ескертеміз. Ал Саматәлі достарының, таныстарының айтуымен витамин ішемін деген ойда болған. Бүгінде одан екінші сынама алынады. Халықаралық комиссия шешеді бәрін. Қазір оны үйіне қайтардық. Жаттығу жиындарында жоқ. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында", - деді бас бапкер.

Саматәлі Төлтаевтың допинг қолданғаны дәлелденсе, төрт жылға спорттан шеттетілуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro