Бокстан әлем чемпионаты: қазақстандықтардың жекпе-жектерін қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан әлем чемпионаты: қазақстандықтардың жекпе-жектерін қайдан көруге болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

6 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары алаңға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары алаңға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сабыржан Аққалықовтың (75 кг) Сейшель аралдарынан келген Джошуа Аарон Кузинге қарсы жекпе-жегі шамамен 20:45-те өтеді.

Жарыстың кешкі бөлігі 22:00-де басталады. Бұл сессияда Даниял Сәбит (51 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг) және Серік Теміржанов (60 кг) өнер көрсетеді.

Шамамен 22:30-дан бастап Сәбит пен Бибосыновтың жекпе-жектері өтеді: Даниял Кения өкілі Кельвин Майнамен кездеседі, ал Сәкен басқа рингте Ботсвана боксшысы Катлего Кеорапецемен жұдырықтасады.

Қазақстандықтардың бағдарламасын Теміржанов аяқтайды – оның моңғол боксшысы Цэндбаатар Эрдэнэбатпен жекпе-жегі шамамен 00:15-ке жоспарланған.

Жекпе-жектердің тікелей эфирін мына сілтеме бойынша көруге болады.

Әлем чемпионаты 4–13 желтоқсан аралығында өтеді. Турнир жеңімпаздары 300 мың доллардан, күміс жүлдегерлер 150 мың доллардан, қола жүлдегерлер 75 мың доллардан алады, ал ширек финалға шыққан боксшылардың әрқайсына 10 мың доллардан беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети