24 қаңтар 2021 11:49

Дастин Порье Конор МакГрегорді жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Дастин Порье ирландиялық Конор МакГрегорді реваншта жеңді. Кездесу Әбі-Дабиде (БАӘ)  UFC 257 турнирі аясында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Америкалық Дастин Порье ирландиялық Конор МакГрегорді реваншта жеңді. Кездесу Әбі-Дабиде (БАӘ)  UFC 257 турнирі аясында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл олардың екінші жекпе-жегі болатын. Алғашқы кездесуі 2014 жылы өтіп, онда МакГрегор бірінші раундта жеңген еді.

Осы кездесудің бірінші раундында олар бір-біріне ауыр соққа жасады. Екіншісінде Порье қатты шабуыл жасағандықтан рефери кездесуді тоқтатты.  

Ирландиялық осымен ММА-де бесінші рет жеңілді. Алайда ол 22 рет жеңген. Ал Порье карьерасында 27-рет жеңіп отыр, ол алты рет жеңілген.

Айта кетейік, бұл турнирде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов жеңіліп қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети