Елена Рыбакина АҚШ-тағы ірі турнирде топ жарды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Рыбакина АҚШ-тағы ірі турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирде жеңімпаз атанды. Финалда беларусь спортшысы Арина Соболенкодан айласын асырып, Australian Open-2023 жарысында кеткен есесін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елена қарсыласын 2 сет қорытындысы бойынша жеңіп шықты. Бірінші сет 1 сағат 20 минутқа созылып, 7:6 (13:11) есебімен жеңіске жетті. Екінші сетті 6:4 есебімен аяқтады. Осылайша, рейтингтік 1000 ұпайға ие болды.

Қазіргі таңда Елена Рыбакина WTA рейтингінде 10-орында тұр. Осы жеңісінен кейін 7-орынға көтеріледі. Ал Арина Соболенко әлемнің екінші ракеткасы. Қазақстандық теннисші қарсыласын алғаш рет ұтты. Бұған дейін төрт рет есе жіберген еді.

Елена Рыбакина – Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші және екінші ракеткасын жеңген алғашқы теннисші. Ол жартылай финалда поляк Ига Швентекті жарыстан шығарған еді.

Қазақстандық теннисші жарыстағы жарқын жеңісі үшін 1 262 220 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети