"Ең жасы 6-да, үлкені 85-те". Алматыда Summer Run өтті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ең жасы 6-да, үлкені 85-те". Алматыда Summer Run өтті Константина Чалабова

17 шілдеде Алматыда Summer Run жарысы өтті. Бұл - Almaty Arena-да әр жаз сайын өтетін дәстүрлі маусымдық жүгіру жарысы. Онда ересектер мен балалар түрлі қашықта жүгіреді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 шілдеде Алматыда Summer Run жарысы өтті. Бұл - Almaty Arena-да әр жаз сайын өтетін дәстүрлі маусымдық жүгіру жарысы. Онда ересектер мен балалар түрлі қашықта жүгіреді.

Summer Run-ға 2000-ға жуық адам қатысты. Ең жас спортшы 6-да, үлкені 85-те. Қатысушылар Almaty Arena айналасындағы аумақта жүгірді. Бірінші 6 жастан асқан балалар 500 метр, 1 шақырым және 3 шақырымға жүгірді. Ұлдар арасында 500 метрге жүгіруден Мұсавир Файзуллоев, қыздар арасында Ақбота Еділ, ұлдар арасында 1 шақырымға жүгіруден Данил Гладков және қыздар арасында Алтынай Нұрланқызы бірінші болды. 3 шақырымда Рамазан Айнегов пен Таисия Кечик жеңіске жетті.

Жас спортшылардан кейін 12 шақырым мен 8 шақырымға скандинавиялық жаяу жүру жарысына қатысушылар шықты. Жазғы жүгіру бойынша ерлер арасында жаңа рекорд (37 минут 57 секунд) орнатқан Рахымжан Келманов пен әйелдер арасында Виктория Сергеева (44 минут 44 секунд) 12 шақырым қашықтың абсолют чемпиондары атанды. Барлық нәтиже almaty-marathon.kz сайтында жарияланған.

Жанкүйерлер мен жүгіруге қатысушыларға World Class Almaty жаттықтырушыларының, сондай-ақ, "Алматы марафонының" тұрақты жүргізушісі Валихан Теннің челлендждері бар бағдарлама дайындалған. Сонымен қатар, қонақтар жарыс серіктестері ұйымдастырған шараларға қатысып, салқын сусындар іше алды, ал балалар аниматорлардың бағдарламасын тамашалады.

Суреттер: Константин Чалабов

"Маусымдық жүгіру жарыстары алматылықтар мен қала қонақтары арасында танымал болып келе жатыр. Тұрғындар спорттық іс-шараларға отбасыларымен қатыса бастаған, бұл бізді қатты қуантады. Өйткені біздің басты миссиямыз - әрқашан салауатты өмір салтын насихаттау. Алда веложарыс, "Алматы марафоны" және "Түркістан марафоны" күтіп тұр. Келесі жарыстарда кездескенше", - деді "Бірінші болу батылдық" корпоратив қорының директоры Салтанат Қазыбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети