15 сәуір 2022 09:02

Футзалдан Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©instagram.com/kazfutsal ©instagram.com/kazfutsal

Футзалдан Қазақстан құрамасы 14 сәуірде жаңартылған әлемдік рейтингте үздік он команданың қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Футзалдан Қазақстан құрамасы 14 сәуірде жаңартылған әлемдік рейтингте үздік он команданың қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама 1557 ұпаймен жетінші орында, желтоқсандағы рейтингтен бір саты төмен. Иран 1580 ұпаймен алтыншы орынға жайғасты. Бразилия рейтингте көш бастап тұр.

Әлемдік рейтингтегі 10 үздік команда:

  1. Бразилия - 1796 ұпай
    2. Испания - 1754
    3. Португалия - 1744
    3. Аргентина - 1744
    5. Ресей - 1687
    6. Иран - 1584
    7. Қазақстан - 1557
    8. Парагвай - 1501
    9. Италия - 1453
    10. Хорватия - 1450

Бұған дейін 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңінде Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды. Олар: Испания, Ресей, Португалия, Хорватия, Сербия, Әзербайжан, Италия, Чехия, Украина, Словения, Босния және Герцеговина, Польша, Финляндия, Румыния, Словакия, Грузия, Беларусь, Венгрия, Франция, Бельгия, Латвия, Солтүстік Македония, Германия, Черногория, Дания, Кипр, Армения, Косово, Литва, Израиль, Швеция, Аустрия, Молдова, Греция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети