Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті Фото:twitter.com/GGGBoxing

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі боксшы да орта дивизиондағы салмақ шегін орындады. Орташа салмақ шегі - 160 фунт немесе шамамен 72,5 келі.

Еске салайық, 7 сәуірде Токиода Головкин мен Мұратаның қатысуымен орта салмақтағы бірігу жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты өткен болатын. Қарсыластар алғаш рет бетпе-бет кездесіп, алдағы жекпе-жектегі үміттерімен бөлісті.

Жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети