Жалғас Жұмағұлов UFC-де қанша табыс тапты?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалғас Жұмағұлов UFC-де қанша табыс тапты?

Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов (14-8) кәсіпқой мансабын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Vesti.kz спортшының топ-промоушндағы осыған дейін тапқан табысын есептеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов (14-8) кәсіпқой мансабын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Vesti.kz спортшының топ-промоушндағы осыған дейін тапқан табысын есептеді.

Айта кетейік, жеңіл салмақта өнер көрсеткен 34 жастағы қазақстандық америкалық Чарльз Джонсонға (12-3) есе жібергеннен кейін мансабын аяқтайтыны туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Басылым мәліметінше, UFC-де Жұмағұлов алты жекпе-жек өткізген. Әрине, кірістің нақты көлемін есептеу мүмкін емес, бірақ ашық дереккөздердергі есеп бойынша төмендегідей:

1. Раулиан Пайваға қарсы жекпе-жек үшін 15,9 мың доллар (7,38 миллион теңге);

2. Әмір Альбазиге қарсы күресі үшін 13,5 мың доллар (6,26 миллион теңге);

3. Джером Ривераға қарсы жекпе-жек үшін 24 мың доллар (11,14 миллион теңге);

4. Манел Капамен жекпе-жек үшін 24,5 мың доллар (11,37 миллион теңге);

5. Джефф Молинаға қарсы жекпе-жек үшін 24,5 мың доллар (11,37 миллион теңге);

6. Чарльз Джонсонға қарсы жекпе-жек үшін 31 мың доллар (14,39 миллион теңге);

Осылайша, қазақстандық шамамен 133,4 мың доллар (61,94 миллион теңге) табыс тапқан.

Еске салайық, UFC-де екі жарым жыл өнер көрсеткен Жұмағұлов алты жекпе-жектің бірінде ғана жеңіске жеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети