Канело: Головкин - бокс тарихындағы ұлылардың бірі

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon 686 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мексикалық боксшы, төрт салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vRINGe.com басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мексикалық боксшы, төрт салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vRINGe.com басылымына сілтеме жасап.

"Бізде екі жекпе-жек болды, ал жанкүйерлер үшіншісін қалайды деп ойлаймын. Мен реванштан кейін бәрі аяқталатынына сенімді болдым. Маған бұл жеткілікті болды. Бірақ жанкүйерлер өз сұрақтарына толық жауап ала алмады. Олар біздің қайсымыз мықты екенімізді нақты білуі керек", - деді Канело Matchroom Boxing YouTube арнасына берген сұхбатында.

Канело өз талаптарын былай деп түсіндірді: "Ол әрқашан мен онша мықты емес екенімді, Мексиканы ұятқа қалдырып жүргенімді айтты. Тағысын тағы. Дәл осы себепті мен оған ашуланамын. Бірақ бәрінен бұрын мен оған ашуланған себебімді айтайын, ол мұның бәрін менің көзіме айта алмайды. Біз бір-бірімізге қарама-қарсы тұрғанда, ол қандай да бір себептермен үндемейді. Бұған мен ашуланамын. Бірақ мен оған спортшы ретінде құрмет көрсетемін. Ол жақсы, өте қиын қарсылас, мықты және ақылды, бокс тарихындағы ең ұлы боксшылардың бірі".

"Мен қазір шыңдала түстім, күшті, тәжірибелі бола түстім деп санаймын. Мен қазір форманың шыңына шықтым деп ойлаймын. Бұл шешуші рөл атқарады деп ойлаймын. Жанкүйерлердің пікірі ме? Жұрт айта береді. Егер ол жеңсе, олар бақытты болады. Егер мен жеңсем, мен туралы "бар болғаны 40 жастағы адамды жеңді" деп ойлайды. Олар не айтатыны маңызды емес. Мен үшін тағы бір нәрсе маңызды - менің кездесуге дайындығым, рингтегі әрекеттерім", - деді мексикалық.

Альварес үшінші жекпе-жектен кейін қол алысу туралы сұраққа да жауап берді. "Бұл менің ең үлкен жеңістерімнің бірі болады. Әр раундта қиын болады, бірақ тоғызыншы, оныншы немесе 11-раундта мен жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаймын. Жекпе-жектен кейін қол алысу бола ма? Білмеймін... Біз екінші жекпе-жекте бір-бірімізге қол тигіздік. Бәрі жақсы болып көрінді, содан кейін ол жекпе-жектен кейін Мен туралы бірдеңе айта бастады. Мен әрқашан қарсыластар туралы жақсы және құрметпен айтамын. Мен қарсыластарды ұрысқа дейін және одан кейін де құрметтеймін. Жекпе-жектен кейін қол алысу бола ма, жоқ па - білмеймін..." - деді ол.

18 қыркүйекке қараған түні Лас-Вегаста бокс кеші өтеді, оның басты жекпе-жегінде Геннадий Головкин мен Сауль Альварес кездеседі. Мексикалық екінші орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO нұсқалары бойынша абсолют чемпион атағын қорғау үшін жекпе-жекке шығады. Бұл - GGG мен Канелоның трилогиясы, олардың бірінші жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды, ал екіншісі - төрешілердің басым бөлігінің шешімімен мексикалықтың пайдасына шешілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
20°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю