Канело қазақстандық боксшыларға тәнті болды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канело қазақстандық боксшыларға тәнті болды Фото:instagram.com/canelo

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) өзінің жаттығу лагерінде жүрген қазақ боксшыларды мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) өзінің жаттығу лагерінде жүрген қазақ боксшыларды мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Канелоға" ресейлік Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы жекпе-жекке дайындалуға Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) көмектесті. Сонымен қоса, мексикалықтың лагерінде өзге де қазақстандықтар бар - Евгений Павлов, Бек Нұрмағанбет, Данил Семенов, Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл.

"Қазақстанда жақсы боксшылар көп. Бір-екі апта бұрын біздің лагерьге бірнеше қазақстандық боксшы қосылды. Өте мықты боксшылар, Қазақстанды осындай спортшылары бар екенімен құттықтаймын, жалпы Қазақстан мықты боксшылары бар жақсы ел. Сіздердің елге міндетті түрде барғым келеді. Бұл қазақтар жуырда чемпион болады, бұған күмәнім жоқ. Алға, Қазақстан", - деді Альварес. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети