Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі қайда өтетіні айтылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі қайда өтетіні айтылды ©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварестің үшінші жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварестің үшінші жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Альварес 168 фунт салмақ санатына оралады. Ол сол салмақта сөзсіз чемпион болады. Қыркүйек айының ортасында, яғни Мексиканың Тәуелсіздік күнінде Головкинмен жекпе-жек өткізіп титулын қорғайды. Жекпе-жек орны әлі белгісіз, бірақ Лас-Вегаста өтуі мүмкін, себебі алғашқы екі жекпе-жек сол жерде өткен болатын", - деп жазады Forbes.

Канело мен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді деген болжам бар.

Айта кетейік, Головкин мен Канело алғаш рет 2017 жылдың қыркүйегінде жекпе-жек өткізіп, нәтижесі тең аяқталған болатын, ал бір жылдан кейін өткен кездесуде мексикалық жеңіске жеткен.

Еске салайық, осыған дейін мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізетінін жария еткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети