"Қайрат" капитаны командадан кететінін мәлімдеді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" капитаны командадан кететінін мәлімдеді Фото: ©ФК "Қайрат"

Алматылық "Қайраттың" капитаны Яцек Гуралькси командамен келісімшартты ұзартпайтынын растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайраттың" капитаны Яцек Гуралькси командамен келісімшартты ұзартпайтынын растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің "Қайраттан" кететінім рас. Бұл клубпен келіссөздің нәтижесі. Бірақ мен нақты қашан команда ауыстыратынымды білмеймін. Екі нұсқа бар. Біріншісі, "Қайратпен" келісімшартымның аяқталуына жарты жыл қалғанда кетемін. Екіншісі - жарты жылдан кейін, яғни келісімшартым аяқталған соң. Нақты қалай болатынын білмеймін. Егер менің қалауыма салса, жазда кетер едім. Екі тарап үшін де бұл дұрыс шешім болады деп ойлаймын. Себебі, желтоқсанда біздің құрама әлем чемпионатында ойнайды. Мен Катардағы әлем чемпионатына баруға ниеттімін", - деді Гуральски. 

Еске салайық, польшалық футболшы "Қайрат" сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның алматылық командамен 2020 жылдың желтоқсан айына дейін келісімшарты бар. 

Биыл Гуральски "Қайрат" сапында бес кездесуге қатысты. Ал Transfermarkt порталы бұл футболшыны 1,8 миллион еуроға бағалап отыр.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети