Қазақстандық спортшы әлемдегі үздік 10 дзюдошы қатарына енді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ҚР ҚМ баспасөз қызметі Фото: ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте (Венгрия) аяқталған "Үлкен Дулыға" турнирінің қорытындысы бойынша әлем дзюдошыларының рейтингін жаңартты. Жарыста әлемнің 69 елінен 459 спортшы бақ сынаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте (Венгрия) аяқталған "Үлкен Дулыға" турнирінің қорытындысы бойынша әлем дзюдошыларының рейтингін жаңартты. Жарыста әлемнің 69 елінен 459 спортшы бақ сынаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайыстың қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының спортшысы, ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үздік дзюдошылардың әлемдік рейтингінде жетінші орында тұр. Оның есебінде 4080 ұпай бар.

"Будапешттегі "Үлкен дулыға" сайысы коронавирус пандемиясымен байланысты ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы маңызды турнир болды. Жарысқа әлемнің үздік балуандары қатысты. Осыған қарамастан, Гұсман жоғары нәтиже көрсетті. Енді бізді алдағы жарыстарға үздіксіз жаттығулар күтіп тұр", - деп өз ойын бөлісті Армия орталық спорт клубының олимпиадалық спорт түрлері бойынша штаттық командаларды даярлау бөлімінің бастығы, майор Анвар Үсенов.

Ғұсман Қырғызбаев - ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, 2016 жылы Цюрихте (Швейцария) өткен CISM (Халықаралық әскери спорт кеңесі) әскери қызметшілері арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2018 жылы Агадирде (Марокко) өткен Гран-при кезеңінің және 2019 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) өткен "Үлкен Дулыға" (Grand-Slam) турнирінің чемпионы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer