Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Қазақстандық Дана Төлеужан Гамбургте (Германия) өткен AJP TOUR International PRO - GI & NO-GI халықаралық турнирінде көк белбеулер арасында 55 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Жарысқа әлемнің 32 елінен 430-дан аса спортшы қатысты. 23 жастағы Дана үшін бұл турнир Испаниядағы жарыстан кейінгі екінші турнир. Ол финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Даниядан келген қарсыласынан ұтылып қалғанымен, үшінші орын үшін өткен кездесуде Германиядан келген қарсыласынан басым түсті.

"Мен туринирге жалғыз бардым. Ешқандай қолдау болмады. Жаттығу процесі қиын болды. Мен Парижде күніне екі-үш рет - шамамен бес сағат жаттығатынмын.

Өкінішке орай, бұл жеткіліксіз болды. Ұзақ жаттығатын болсам, келесі жолы жақсы нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын", - дейді Төлеужан.

2019 жылы Дана Төлеужан Абу-Дабиде (БАӘ) өткен әлем чемпионатында ақ белбеулер арасында джиу-джитсу фестивалінің күміс жүлдегері атанды. Ол қазір Италияның Рим қаласында тұрады және оқиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети