Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы атанды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы атанды

Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бразилияда өтіп жатқан XXIV Жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен жарыс аяқталды. 130 келі салмақта ел намысын қорғаған Хайратхаан Шонку финалда түркиялық қарсыласы Мехмет Юсалды айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иегері атанды.

Сонымен қатар, 97 келіде Асылжан Тәжиев ирандық спортшыдан жеңіліп, жарысты күміс медальмен қорытындылады. Ал Нұржан Асан (77 келі), Алдияр Балташев (60 келі) ел қоржынына қола медальдан салды.

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Ерлан Мұқажан спортшылардың нәтижесіне оң баға берді.

"Көптеген оқу-жаттығу жиынының арқасында осындай нәтиже көрсеттік. Бір алтын, бір күміс, екі қола жүлде біз үшін үлкен жетістік. Дайындығымызды жақсартып, келесі Сурдлимпиада ойындарында бұдан да жақсы нәтиже көрсететінімізге сенімдімін", - деді бас бапкер.

Есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы төрт жылдық жарыс 16 мамырға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 4 күміс және 17 қола медаль бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети