08 желтоқсан 2021 | 09:54

Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Ташкентте өткен әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Ташкентте өткен әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұлқа көтеруде 29 жастағы қазақстандық үш тәсілді де орындай білді. Соның ішінде ең жақсы көрсеткіш - 118 келі салмақты бағындырды.

Чонтей серпе көтеруде де жақсы өнер көрсетті. Ол ең жоғары көрсеткіш -  142 келіні көтерді. Жалпы сома 260 келі жеңіс үшін жеткілікті болды.

Екінші орынды 256 (115+141) келі нәтиже көрсеткен тайландтық Тада Сомбунуан иеленді. Үздік үштікті Болгариядан келген Ангел Русев 254 (110+144) келімен аяқтады.

Еске салайық, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 7 желтоқсанда Ташкентте басталды. Турнирге 80-нен аса елден 500-ге жуық спортшы қатысады. Әлем чемпионаты аясында ерлер мен әйелдер арасында 10 салмақ дәрежесінде 20 марапат сарапқа салынады.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын бес спортшы таныстырады: Арли Чонтей, Нұрғиса Әділетұлы және Артем Антропов (екеуі де 96 келіге дейін), Карина Күзғанбаева (81 келіге дейін) және Айзада Мүптілдә (87 келіден аса).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети