"Қазақстанның атынан шыққанымды мақтан етемін". Александр Бублик азаматтығын өзгертуі туралы пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстанның атынан шыққанымды мақтан етемін". Александр Бублик азаматтығын өзгертуі туралы пікір білдірді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик спорттық азаматтығын өзгерту туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик спорттық азаматтығын өзгерту туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен өнер көрсететін елдің атынан шығамын. Иә, мен Ресейде туып-өстім және өмірімнің көп бөлігін сонда өткіздім. Мен Қазақстанға 2016 жылы көшіп келдім және бұл елмен үлкен эмоционалды байланысым бар. Басымнан қатты қиын кезеңдер өткенде Қазақстанның маған қалай көмектескенін ұмытпаймын. Әрине, мен орыс екенімді, ресейлік екенімді естен шығармаймын. Себебі, менің бүкіл отбасым - ресейлік. Бірақ мен Қазақстанды әлемдік аренада таныстыратынымды мақтан етемін", - деді спортшы сұхбатында.

Айта кетейік, Александр Бублик 1997 жылы 17 маусымда ресейлік Гатчина қаласында дүниеге келген. Қазақстандық теннисші 2016 жылға дейін Ресей құрамасында өнер көрсетті. Ол жұптық сында бір - Үлкен дулыға турнирінің финалисі (French Open - 2021), жекелей сында бір - ATP турнирінің жеңімпазы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети