"Көшпенді" жұлдыз болары анық". АҚШ-та көптен бері Шавкаттай мықты спортшы болмағаны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Көшпенді" жұлдыз болары анық". АҚШ-та көптен бері Шавкаттай мықты спортшы болмағаны айтылды Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Америкалық БАҚ қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың кейінгі жеңісінен кейін болашағы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық БАҚ қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың кейінгі жеңісінен кейін болашағы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

"Рахмонов бразилиялық ардагер Мишель Празересті UFC Vegas 30 жарысы аясында жеңген алғашқы файтер атанды. UFC жартылай орта салмақта соңғы бірнеше жылда, Хамзат Чимаевтан бөлек, Рахмонов секілді мықты файтер болмаған.

UFC 254-те дебют жекпе-жекте Алекс Оливейраны жеңуі, бәлкім, назардан тыс қалды. Алайда Празересті жеңуі "Көшпендінің" жартылай орта салмақ жұлдызы болатынын анық байқатып тұр", - деп жазылған Sportskeeda.com сайтында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriTV (@tengritv)

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов промоушен аясында екінші жекпе-жегін өткізді. Екінші раундта қазақстандық файтер Празересті қылғындыру тәсілімен жеңді.

Бразилиялықпен өткен жекпе-жекте Шавкат Рахмонов 28 мың доллар гонорар алды. Гонорар сомасы былай түсіндірілген: 12 000 - жекпе-жек үшін, 12 000 - жеңіс үшін және 4 000 - кездесу қарсаңындағы бір апта бұрынғы ынталандыру төлемі. Ал бразилиялық Мишель Празерис 61 мың доллар табыс алады: 50 000 - жекпе-жек үшін, 11 000 - кездесу қарсаңындағы бір апта бұрынғы ынталандыру төлемі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети