Мәдениет және спорт министрі Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрі Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 35 жастағы ауыр атлет Владимир Седовтың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 35 жастағы ауыр атлет Владимир Седовтың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Министрлік басшысы даңқты спортшының сіңірген еңбегіне тоқталып, зілтеміршінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Біріншіден, әрине бұл көрнекті спортшы екенін айтқым келеді, соның арқасында еліміздің туы бірнеше рет Олимп шыңына көтерілді.

Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлердегі тамаша нәтиже - бұл біздің ауыр атлетиканың ғана емес, жалпы қазақстандық спорттың тарихында қалары сөзсіз.

Көрнекті спортшының барлық туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қазір құзырлы органдар бұл мәселені тексеріп жатыр. Әрине, бұл үлкен шығын. Біз тағы да көңіл айтамыз. Құзырлы органдардың сараптамасынан кейін толық ақпарат беріледі", - деді министр.

Еске салайық, 27 маусымда танымал қазақстандық ауыратлет Владимир Седов өзіне қол жұмсап қайтыс болғаны белгілі болды.

Владимир Седов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы, 2010 жылғы Қазақстан чемпионатының рекордсмені. Сәтті өнер көрсеткені үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети