05 желтоқсан 2022 | 11:00

Министрлік спортшыға Олимпиада жүлдесін төлеу бойынша сотта жеңіліп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарында дзюдодан Еркебұлан Қанафин Қазақстан құрамасына алтын медаль әкелді. Алайда Қазақстанның Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортшының есту қабілетінің кемістігі жоқ екенін мәлімдеген болатын. Сот іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарында дзюдодан Еркебұлан Қанафин Қазақстан құрамасына алтын медаль әкелді. Алайда Қазақстанның Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортшының есту қабілетінің кемістігі жоқ екенін мәлімдеген болатын. Сот іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 қарашада Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Мәдениет және спорт министрлігі мен спортшы Еркебұлан Қанафиннің арасындағы іс бойынша үкім шығарды.

Сот Қанафинге алтын медалі үшін ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту туралы шешімді заңсыз деп таныды.

""Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесінің Қанафин Еркебұлан Қайратұлына ақшалай ынталандыру төлеуден бас тарту жөніндегі әрекеті заңсыз деп танылсын. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі Еркебұлан Қанафинге Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен белгіленген мөлшерде ақшалай көтермелеу төлеуді міндеттесін", - делінген шешімде.

Еске салайық, 4 мамырда Еркебұлан Қанафин Бразилияда Сурдлимпиада ойындарындағы дзюдо жарысында Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлаған еді. Алайда, осыдан кейін бірден "жанжал" туындады, себебі ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортшының есту қабілетінің кемістігі жоқ деп хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети