Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады Фото: elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл қастерлі күн халқымыздың ерен ерлігі мен бірлігінің, қаһармандығының символы болып саналады.

Біз бүгін соғыс құрбандарының рухына тағзым етіп, ардагерлерге құрмет көрсетеміз. Олардың майдандағы өжеттігі мен тылдағы еңбегі туған елге деген қалтқысыз сүйіспеншіліктің және қайсарлықтың жарқын үлгісі екені сөзсіз, - делінген хабаламада.

Сондай-ақ, Назарбаев жиырмасыншы ғасырдағы ең сұрапыл соғыстағы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпау, ардагерлерге қамқорлық көрсету - баршамыздың қасиетті борышымыз екенін атап өтті.  

"Батыр бабаларымыздың қаһармандығы қазіргі тыныш заманда да біздің бойымызға жігер береді. Ол ауызбірлік, патриоттық, қайсарлық және Отанға деген махаббат арқылы кез келген қиындықты жеңіп, бейбіт әрі бақуатты өмірге қол жеткізуге болады деген сенімімізді нығайта түседі.

Ұлы Жеңіс күнінде баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт пен жақсылық тілеймін! Аспанымыз әрдайым ашық болсын!", - деп толықтырды назарбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети