"Қайрат" Еурокубоктан тыс қалды
Футболдан Алматының "Қайраты" түзде Данияның "Эсбьерг" клубынан 0:1 есебімен ұтылып қалып, Еуропа лигасынан тыс қалды. Жалпы есеп - 1:2.
"Астана" баскетбол клубында – жаңа жұлдыз
"ВТБ бірегей лигасы" маусым аралығында америкалық шабуылшы Ник Кэнер-Мидлидің "Астанаға" ауысқандығын трансферлік "бомбаға" теңепті.
24 шілде 2014
"ҚазМұнайГаз" жейдесін "Галатасарай" кие ме?
Өткен аптада "Галатасарай" клубының президенті Ұнал Айсал осы мәселеге байланысты екі тарап арасындағы келісімшартқа отыру үшін Қазақстанға келген.
Тараз боз кілемінде Қонаевты еске түсіреміз
25-27 шілде күндері Таразда еркін күрестен кемеңгер мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске түсіруге арналған халықаралық турнир өтеді.
Чемпиондар лигасы: Ақтөбеде билет жоқ
УЕФА чемпиондары лигасы аясындағы "Ақтөбе" және "Динамо" (Тбилиси) клубтары арасындағы қарымта матчқа билет жоқ. Билет кеше таусылып қалған.