"Сарыарқа" Братина кубогын жеңіп алды
Осыдан бірер минут бұрын Қарағандының "Сарыарқасы" Тюменнің "Рубинін" төртінші рет ұтып (есеп – 2:1), Братина кубогын жеңіп алды.
Ел футболында көшбасшы ауысты
Футболдан Қазақстан премьер-лигасында көшбасшы ауысты. "Ақтөбе" екі саты жоғарылып, бірінші орынға көтерілсе, "Астана" екінші орынға сырғыды.
"Баку оттарынан" басым түстік
Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) төртінші маусымы аясындағы жартылай финалдық кезеңнің алғашқы кездесуінде қазақстандық "Астана арландары" командасы әзірбайжандық "Баку оттарын" жеңді.
Гузель Манюрова – төрт дүркін Азия чемпионы
75 келі салмақта Гузель Манюрова төртінші рет Азия чемпионы атанды. 2010, 2011 және 2012 жылдары Сарықұрлықта топ жарған Гузель бүгін де алтынмен апталды.
26 сәуір 2014
"Жетісу" қыздары – Азияда үшінші
Таиландта волейболдан әйелдер арасындағы ХV клубтық Азия чемпионаты аяқталып, ел намысын қорғаған Талдықорғанның "Жетісуы" үшінші орынға ие болды.
Әлем чемпионатының жеңімпаздары туған елге оралды
Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында ерен жетістікке қол жеткізіп, командалық есепте жеңімпаз атанған Қазақстан құрамасы бүгін түнде туған елге оралды.
Үш қызымыз Азияның қола жүлдегері
Бүгін әйелдер арасындағы еркін күрестен бес салмақ дәрежесінде Азияның үздіктері анықталды. Бірде-бір қызымыз финалға шыға алмағанымен, үшінші күні үш қола еншіледік.