"Астана" Литвада плей-офф жолдамасына қол жеткізді
Биылғы маусымды өте сәтсіз бастаған "Астана" баскетболшылары маусым ортасында бас бапкерін ауыстырып, қамшыны басты. Тіпті Клайпедада жергілікті "Нептунас" клубын ұтып, плей-оффта бақ сынау құқығына қол жеткізді.
10 наурыз 2014
"Сарыарқа" ширек финалға шықты
Ресейдің Жоғары хоккей лигасында ойнайтын екі клубымыздың біреуі, атап айтқанда, Қарағандының "Сарыарқасы" Братина кубогының ширек финалына шықты.
"Барыс" "Автомобилистке" азуын әзер батырды
Бүгін «Барыс» Гагарин кубогының ширек финалында Екатеринбургтің «Автомобилисімен» кездесіп, ұзаққа созылған шиеленісті матчта 3:2 есебімен жеңіске жетті.
08 наурыз 2014
Қазақстан паралимпиадашысы Сочиде алты рет мүлт кетті
Сочиде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында ерлер арасындағы көзінен зақымданған биатлоншылардың 7,5 шақырымдық бәйгесінде Қазақстан спортшысы Қайрат Қанафин де бақ сынады.
"Шахтер" жеңе ме, әлде "Ақтөбе" айласын асыра ма?
9 наурыз күні сағат 14:00-де елордадағы "Астана-Арена" стадионында 2014 жылдың маусымашар ойыны өтеді. Онда өткен маусымдағы Қазақстан чемпионы "Ақтөбе" мен ел кубогының жеңімпазы "Шахтер" додаға түседі.
07 наурыз 2014
Қашан өз таланттарымызға мүмкіндік береміз?
Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф додасы алдында «Барыс» құрамына «Снежные барсы» командасынан үш хоккейші шақыртыпты. Олар – шабуылшылар Антон Сағадеев пен Ярослав Евдокимов және қорғаушы Никита Церенок.
07 наурыз 2014
Мұзайдында жас таланттарымызды шыңдап жүрміз
Ресейдің Жастар хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыстың" ізбасарлары, яғни "Снежные барсы" командасы биыл бірінші рет плей-оффқа шығып еді, бірақ алғашқы сатысында-ақ сүрінді.
07 наурыз 2014
Головкин Чавеспен кездесуге дайын
Орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Хулио Сезар Чавестің ұсынысын қабылдауға дайын.
07 наурыз 2014
Головкин ақпан айының үздік боксшысы
WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин "Спорт-Экспресс" басылымының нұсқасы бойынша ақпан айының үздік боксшысы атанды.
Қазақстан паралимпиадашылары Сочиде
Ертең Сочиде қысқы Паралимпиада ойындары басталады. Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын Ерлан Омаров ұстап шығатын болыпты.
06 наурыз 2014
Жеңілістен Жұмасқалиев құтқарды
Кеше футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы түрік жерінде Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Гол соғып, есепті теңестірген – Нұрбол Жұмасқалиев.
06 наурыз 2014
Красножан Қазақстан ұлттық құрамасының киімін кимей жүр...
Қазақстан футбол федерациясы сайтында тұрған бейнесұхбатта ұлттық құрамамыздың бас бапкері басқа киіммен тұр (суретті қараңыз). Юрий Красножанның ұлттық құраманың бірыңғай киім үлгісін кимей жүргені қалай?..