24 қаңтар 2021 | 13:19

Порье МакГрегорді жеңгеннен кейін өзін Хабибтің орнына UFC чемпионы деп жариялады

Фото: UFC©

Америкалық файтер Дастин Порье екі салмақ дәрежесі бойынша лига чемпионы Конор МакГрегорді жеңгеннен кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық файтер Дастин Порье екі салмақ дәрежесі бойынша лига чемпионы Конор МакГрегорді жеңгеннен кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, UFC 257 турнирінің басты жекпе-жегі Әбі-Дабиде өтті. Дастин Порье Конор МакГрегорді екінші раундта жеңді.

Реклама
Реклама

Америкалық файтер өзін жеңіл салмақта чемпион деп есептейтінін атап өтті. Бұл салмақта ресми түрде титул Хабиб Нурмагомедовке тиесілі.

"Мен бақыттымын, бірақ мүлдем таңғалып тұрған жоқпын. Көп жұмыс істедім. Алдымен Конорға алғыс айтқым келеді. Құрметімді білдіремін. Ол нәтижені нағыз профессионал ретінде қабылдады. Енді есеп 1-1 және мұны тағы қайталай аламыз. (...) Керемет жекпе-жек, керемет жеңіс. Бірақ біз бұдан да маңызды дүниелер үшін төбелесеміз. Үйге келген соң өзімнің қайырымдылық қорыммен айналысамын. Командамды, әйелімді, қаламды жақсы көремін. Техникалық тұрғыдан мықты болып, жақсы соққы беру деген тапсырма болатын. Бұған титул жекпе-жегі деп қараймын. Егер Хабиб оралмаса, біз дивизиондағы ең мықтылармыз. Сондықтан бұл титул үшін жекпе-жек болды. Мен - чемпионмын", - деді ол жекпе-жектен кейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная