Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рыбакина турнирдің үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездесіп, оны 6:3, 7:5 есебімен ұтты.

Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде испаниялық спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Рыбакина есе қайтарды.

Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылып, Рыбакина 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. П.Бадоса 2 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) жасады. Енді ол 1/8 финалда әлемнің 8-ракеткасы, Ресей өкілі Дарья Касаткина немесе рейтингте 66-орындағы тағы бір Ресейдің өкілі Варвара Грачевамен кездеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети