Шавкат Рахмонов UFC-ге үн қатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шавкат Рахмонов UFC-ге үн қатты ©instagram.com/shavkatrakhmonov94

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жаңа жекпе-жегі туралы UFC-ге үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жаңа жекпе-жегі туралы UFC-ге үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ге сілтеме жасап.

Екі күн бұрын оның жекпе-жегі қарсыласы Джефф Нилдің жарақатына байланысты болмай қалғаны белгілі болды. Олар 14 қаңтарда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 217 турнирінде кездесуі керек еді.

Бір күн бұрын қазақстандықтың бірінші үміткері пайда болды. Аз уақытта АҚШ-тың тағы бір файтері Рахмоновқа қарсы шығуға шешім қабылдады. Брайан Барберена жеңіл салмақта жұдырықтасуды ұсынды.

Бұл қазақстандыққа ұнайтыны және ол Вегастағы турнирді жіберіп алғысы келмейтіні анық.

"UFC, мен дайынмын, ол дайын, тағы не керек?" - деп жазды Рахмонов Instagram-парақшасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети