Спорт саласындағы басшылар 2024 жылғы Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Спорт саласындағы басшылар 2024 жылғы Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялар санына емес, медальдардың сапасына назар аудару қажет екенін айтты.
"Жоғары жетістіктер спортын дамыту үшін үлкен қаражат бөлініп, қолдау көрсетіліп, қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Дегенмен, министрлік қайырымдылықпен айналыспайды. Сондықтан әр теңге үшін сұрауы қатты болады. Мұны осында отырған әрқайсыңыз есте сақтауға тиіссіздер. Жоғары жетістіктер спорты нақты нәтижелерге негізделеді, қалғаны - дене шынықтыру. Сондықтан бізге жаңа жеңістер керек", - деді Дәурен Абаев.
Министр іріктеу процедураларының ашықтығына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
"Құрама команда қатарына спортшыларды іріктеу рәсімдерінің ашық өтуі маңызды. Бұл біздің басты назарымызда болады. Алдағы уақытта министрлік спортшылардың барлық жетістіктерін, жарыстарға қатысу кестесін бақылауға мүмкіндік беретін е-sport жүйесін іске қосады. Әділеттілік пен ашықтық маңызды, спорт жүйесінде салауатты бәсекелестік болуы тиіс", - деді Дәурен Абаев.
Министр спорт басқармаларының басшыларына олимпиадалық спорт түрлерінің басымдылығын ескере отырып, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің жұмыс істеу қағидаттары мен тәсілдерін қайта қарау, федерациялармен бірлесіп спорт резервін дайындаудың бірыңғай стандартын және оқыту бағдарламаларын әзірлеу тапсырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!