Ұлыбритания Қазақстан құрамасының ең қауіпті футболшысын атады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания Қазақстан құрамасының ең қауіпті футболшысын атады

Ұлыбританияның хабар тарататын (British Broadcasting Company) компаниясы Н тобына түскен Қазақстан құрамасы жайлы ақпаратпен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияның хабар тарататын (British Broadcasting Company) компаниясы Н тобына түскен Қазақстан құрамасы жайлы ақпаратпен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұл топта қазақстандықтардан бөлек, Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино командалары бар.

"ФИФА рейтингінде: 113 орын. Бас бапкер: Магомед Адиев. Капитан: Асхат Тағыберген. Қауіпті ойыншы: Бахтиер Зайнутдинов.

Н тобында Қазақстан жұмбақ команда болып саналады.

Ойыншыларының көбі ішкі чемпионаттарында доп тебеді. Алайда 24 жастағы ЦСКА жартылай қорғаушысы қауіпті. Құрама сапында өткізген 24 матчта 10 гол соққан.

Қазақстан командасы Еуропада рейтингі ең төмен ұжым болғанымен, Ұлттар Лигасының В дивизионына (4 жеңіс) жолдама алды. Сондықтан бұл қарсыластан қауіптену керек.

Солтүстік Ирландия Қазақстан футболшыларымен ешқашан кездеспеген. Бұл екі құрама арасындағы алғашқы кездесу болмақ", - делінген басылым ұсынған жазбада.

Еске салайық, Магомед Адиев баптайтын "қаршығалар" Еуро-2024 іріктеу турнирін 2023 жылдың 23 наурызында өз алаңында Словенияға қарсы кездесумен бастайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети