01 сәуір 2022 14:31

1 cәуір - Күлкі күні тарихы қандай?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

1 сәуір - Күлкі күні. Tengrinews.kz тілшісі бұл күнді тойлау қайдан, қашан басталғанын және осы атаулы күнге байланысты қандай қызық деректер барын жинап көрді.


1 сәуір - Күлкі күні. Tengrinews.kz тілшісі бұл күнді тойлау қайдан, қашан басталғанын және осы атаулы күнге байланысты қандай қызық деректер барын жинап көрді.

Әлем елдерінде 1 сәуір - Күлкі күні ретінде атап өтілетіні белгілі. Кейбір мемлекеттерде ол "Ақымақтар күні", яғни April Fools' Day күні деген атауға ие. Бұл ресми мереке болмаса да, әрқашан көңілді өтеді. Жақын адамдар арасында әзілдеп, кейде қызық сыйлықтар беру бұл күннің басты ерекшелігі саналады. 1 сәуірде адамдарда түрлі эмоция байқалады: біреу сеніп қалады, біреу әзілдегенді ұнатады, ал кейбіреулер жалған ақпараттан алыс жүруге тырысады. Соған сәйкес "1 сәуірде ешкімге сенбе" деген сөз бар.

Қашан, қай елде басталды?

Бұл мерекенің бастауы ежелгі Риммен байланысты деген ақпарат бар. Рим деректері бойынша, ол Күлкі құдайының құрметіне арналған. Римде ақпанның ортасында ақымақтар мерекесі ретінде атап өтілген. Ал тағы бір деректерде Үндістанмен де байланыстырылады. Онда 31 наурызда әзіл мерекесі ретінде тойланған.

Еуропада 1 cәуір туралы деректер XVI ғасырда пайда бола бастады. Францияда 1564 жылы король IX Чарльз жаңа жылды 1 сәуірден 1 қаңтарға ауыстыру туралы жарлық шығарған. Кейбіреулер оны ескермей, жаңа жылды 1 сәуірде тойлауды жалғастыра берген. Сөйтіп, ерекше сыйлықтар беріп, әзіл айтқан. Оған басқалары күліп, мазақ еткен. Осылайша, "сәуір ақымақтары" (April's Fools) деп аталған. "Күлкі күні" осылай басталған деген де деректер бар.

Күлкі күнінің шығуы туралы тағы бір кең таралған нұсқа - 1582 жылы Рим папасы Григорий енгізген Григориан күнтізбесіне ауысу. Күлкі мерекесі 1 сәуірді көптеген елде көктемгі күн мен түннің теңесуін, Пасханы тойлауға байланысты болған. XVIII ғасырда бұл мереке танымал бола бастады. Ағылшындар, шотландтар және француздар оны америкалық колонияларда таратқан. Күлкі күні бір-бірін мазақ етіп, тәтті сірке суын тауып әкелу секілді мағынасыз тапсырмалар беру де әдетке айналған. 1 сәуір Италияда, АҚШ-та "ақымақтар күні", Жапонияда "қуыршақтар күні" деп аталады.

Ашық дереккөз мәліметінше, 1 сәуірді тойлау Францияда, Ұлыбритания, Мексика, Швеция секілді елдерден бастау алуы мүмкін.

Барлық кезеңдегі танымал сәуір әзілдері

Әлемдік БАҚ-та барлық кезеңдегі танымал әзілдер туралы ақпараттар жиі кездеседі. Кейбіреулеріне шолу жасап көрейік:

  • Планеталар шеруі

1976 жылы 1 сәуірде ұлыбританиялық астроном Патрик Мур BBC радиостанциясының таңғы эфирінде 9:47-де ерекше астрономиялық құбылыс болатынын айтқан. Бұл Жердің ауырлық күшінің өзгерісіне әкелетінін жеткізген. Мур радио тыңдаушыларға белгіленген уақытта секірсеңіз, ұшқандай әсер алатынын айтқан. Сағат 9:48-де эфирге ұлыбританиялықтардан жүздеген қоңырау түскен.

  • Жаңа Пи саны

1998 жылы 1 сәуірде New Mexicans for Science and Reason ұйымының ғалымдары Алабама штатының заң шығарушылары Pi санының мәнін 3,14159-дан 3-ке өзгерту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген. Негізгі дәлел 3-тің Пи санының "Библиялық мағынасына" сәйкес келетіні болған. Көп ұзамай бұл жаңалық ғаламторда тарап, сынға ұшыраған. Әзіл кең тарағаны соншалық - халық шенеуніктермен байланысып, наразылық білдірген. Хабарласқандар саны күніне үш жүзге жеткен. Әзілдің авторы ғалым Марк Бослоу болып шыққан.

  • Солақайларға арналады

1998 жылы Burger King компаниясы USA Today-де солақайларға арналған бургер сатылымға шыққаны туралы жарнама берген. Бірнеше күннен кейін Burger King бургер туралы жаңалық әзіл екенін жариялаған. Соған қарамастан мыңдаған адам мейрамханаларға келіп, солақайларға арналған бургерге тапсырыс берген. Сонымен қатар, оңқайлар "оң қолға арналған бургер" сұраған. 

  • Спагетти туралы әзіл

1967 жылы BBC жаңалықтар бағдарламасының эфирінде диктор сол жылғы қыстың арқасында Швейцарияда спагеттидің керемет өнімі шыққаны туралы хабар таратқан. Сөйтіп, мыңдаған көрермен студияға қоңырау шалып, спагетти ағашын қайдан сатып алуға болатынын сұрай бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети