Желіде балкон терезесін сыртына шығып жуып жатқан астаналық келіншектің суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сурет Facebook-тегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында жарияланды.
Желіде балкон терезесін сыртына шығып жуып жатқан астаналық келіншектің суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сурет Facebook-тегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында жарияланды.
Сурет авторының айтуынша, қыз 10 қабатта балкон әйнегін сыртқы жағынан жуып жатыр. Оған қоса, қыз сырттағы 5-7 сантимерлік тірек үстінде ғана жүр. Қолданушылар суреттегі жайттан шошып жатыр.
"Өзін-өзі сақтау сезімі жоқ", "Мұндай тазалықтан өмір қымбатырақ", - деп жазған қазақстандықтар.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегілердің айтуынша, мұндай жүріс жауапсыздықтың шыңы.
"Адам өз өмірін бағаламаса, оған қандай кеңес беруге болады? Әрине, терезеден құлау жағдайлары жиі болып тұрады, алайда бұл жағдай көбінесе балалардың қатысуымен кездеседі. Мұнда қыз сақтануы керек еді. Ештеңе болмаса жақсы, бірақ бұл жағымсыз мысал, олай жасауға болмайды. Бұл жұмыспен мамандар айналысқаны жөн. Мұнда екі таңдау бар: өмірің немесе маман шақыруға кететін қаражат", - деп пікірін білдірді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіндегілер.