Сурет vk.com сайтынан алынған
"Француз азаматы Робер Маршан 100 жастан асқан адамдар арасында велосипедпен жылдам жүру бойынша әлемдік рекордты жаңартты" деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru. сайтынан сілтеме жасап. Жаңа әлемдік рекорд Париж қаласы маңындағы велотректе орнатылды. 102 жастағы спортшы бір сағатта 27 шақырым қашықтықты жүріп өткен. Қоса кетер жайт, Маршанды қолдауға 300-дей жанкүйер жиналған көрінеді. Ал, қарт велосипедші өзін жақсы сезінген, дегенмен жарыс соңына қарай шаршай бастағанын айтады. Бір қызығы, бұл көрсеткішке Маршанның көңілі толмапты. Тағы бір айта кетер жайт, француз 100-ден асқан жалғыз кәсіби велошабандоз екен. Бұған дейінгі рекорд та дәл осы Маршанға тиесілі. Ол 2012 жылы бір сағатта 24,25 шақырым қашықтықты басып өткен болатын. Сондай-ақ, француз Маршан 100 жастан асқан адамдар арасында велосипедпен 100 шақырым қашықтықты жүріп өткен жалғыз велошабандоз. Қарт француз бұл қашықтықты төрт сағаттан астам уаықтта жүріп өткен.
"Француз азаматы Робер Маршан 100 жастан асқан адамдар арасында велосипедпен жылдам жүру бойынша әлемдік рекордты жаңартты" деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru. сайтынан сілтеме жасап.
Жаңа әлемдік рекорд Париж қаласы маңындағы велотректе орнатылды. 102 жастағы спортшы бір сағатта 27 шақырым қашықтықты жүріп өткен. Қоса кетер жайт, Маршанды қолдауға 300-дей жанкүйер жиналған көрінеді. Ал, қарт велосипедші өзін жақсы сезінген, дегенмен жарыс соңына қарай шаршай бастағанын айтады. Бір қызығы, бұл көрсеткішке Маршанның көңілі толмапты.
Тағы бір айта кетер жайт, француз 100-ден асқан жалғыз кәсіби велошабандоз екен. Бұған дейінгі рекорд та дәл осы Маршанға тиесілі. Ол 2012 жылы бір сағатта 24,25 шақырым қашықтықты басып өткен болатын. Сондай-ақ, француз Маршан 100 жастан асқан адамдар арасында велосипедпен 100 шақырым қашықтықты жүріп өткен жалғыз велошабандоз. Қарт француз бұл қашықтықты төрт сағаттан астам уаықтта жүріп өткен.