АҚШ-тың Білім департаментінің өкілдері 11 жастағы қазақстандық Софи Манасянды дарынды деп таныды. Оған Gifted (дарынды) таңбасы бар хат келіп түскен, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
АҚШ-тың Білім департаментінің өкілдері 11 жастағы қазақстандық Софи Манасянды дарынды деп таныды. Оған Gifted (дарынды) таңбасы бар хат келіп түскен, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Анасы Ольга Манасянның айтуы бойынша, қызы ағылшын тілін үзбей оқыған екен. Оған қоса академиялық жетістіктері мен мектеп сабақтары бойынша бағалары жоғары болған. Бірнеше ай бұрын ол Лос-Анджелесте мектеп окуругінің арнайы комиссиясының өкілдерінен бірнеше кезеңнен тұратын тыңдаудан өткен. Қазіргі уақытта Софи АҚШ-тың білім базасына еніп, ол жақта Gifted (дарынды) белгісімен студент ретінде тіркелген.
"Жаңа дәреже оған арнайы бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік береді. Ол жақта Софи өзінің өнерге деген дарынын одан әрі дамыта алады. Оған қоса ол арнайы мемлекеттік бағдарламаларға арналған гранттың иесі болуы мүмкін. Гранттар дарынды балаларға арналған. Алдағы уақытта біздің мамандандырылған ЖОО-ға түсуге де мүмкіндігіміз болады", - деді Софидың анасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Соңғы екі жыл бойы алматылық қыз Америкада тұрады. Осы уақытқа дейін Софи Манасян ағылшын тілін жетік меңгеріп алған. Сондай-ақ, академиялық жетістіктерге жеткен. Бұл жетістіктер жас қызға Gifted дәрежесін алуға және жалпы тыңдаудан өтуге көмегін тигізді.
Софи АҚШ-тың азаматы болмай-ақ және оған ағылшын тілі ана тілі болмаса да табысқа жете білді. Софи Манасян халықаралық би конкурстарына қатысып, танымал болды. Ол небәрі алты жасында австриялық "Минута славы" шоуына да қатысқан. Төрт жасында Софи "Маленькая королева мира - 2012" байқауының вице-аруы атағын жеңіп алған.