04 маусым 2015 | 17:02

125 балл жинаған астаналық түлекті ҰБТ-ға анасы дайындаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com © Vk.com

Астанадағы № 59 мектеп-лицейдің 125 балл жинаған түлегі Риана Мұстафинаны Ұлттық бірыңғай тестілеуге анасы дайындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы № 59 мектеп-лицейдің 125 балл жинаған түлегі Риана Мұстафинаны Ұлттық бірыңғай тестілеуге анасы дайындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз, әрине, қобалжыдық. Риана 122-123 балл жинауды мақсат етті. Нәтижені сайттан Риананың өзі қарады. Ол: Мама, 125 балл деді. Мен сенбедім. Риана, экранды үлкейт дей бердім. Қатты қуандық, мектепке, директорға, туыстарымызға телефон соқтық", - деді түлектің анасы.

Риана Мұстафина ҰБТ-ға ұзақ дайындалғандықтан, көп күш жұмсамағанын айтты. 

"Бесінші пән - биология. Бала кезімнен хирург болуды армандадым. Медициналық оқу орнына түскім келеді. Анам мектепте математика пәнінен сабақ берді. Тест тапсырмаларын үйде бірге орындадық, сондықтан да мен математиканы тез үйрендім. 122-123 балл алатын шығармын деп ойладым. Нәтижені білген кезде қатты қуандым", - деді ол.

Айта кетейік, Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 2 және 3 маусым күндері тестілеуге 37 066 түлек қатысқан. Емтиханды 26 592 түлек қазақ тілінде, 10 474 оқушы орыс тілінде тапсырды.

Екі күн ішінде екі оқушы - Астанадағы № 59 мектептің түлегі Риана Мұстафина мен Тараздағы № 45 мектептің оқушысы Гүлназ Ердосова 125 балл жинады.

Тестілеудің алғашқы екі күнінде тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 33 түлек аудиториядан шығарылды. Оның ішінде: 3 түлектің орнына кірген бөтен адам тестілеуге кірер алдында; 19 адам аудиторияда; 8 оқушыдан ұялы телефон табылды; рация қолданған 1 түлек; емтихан материалдарын бүлдірген 1 адам; емтихан материалдарын беруден бас тартқан 1 адам.

 

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети