Колумбияның Манисалес қаласының тұрғындары бір апта бұрын көшкін жүріп, 17 адам қаза тапқан Sancancio тауынан таңғаларлық табиғи құбылысты суретке түсіріп алды, - деп хабарлайды Metro.
Колумбияның Манисалес қаласының тұрғындары бір апта бұрын көшкін жүріп, 17 адам қаза тапқан Sancancio тауынан таңғаларлық табиғи құбылысты суретке түсіріп алды, - деп хабарлайды Metro.
Бұлтқа түскен жарықтан адамға ұқсас фигураның екі қолын жайып тұрған сұлбасын көруге болады. Куәгерлер осы сәтті видеоға жазып, бірнеше рет суретке түсірген. Ал баспанасы мен бар мүлігінен айырылған қалалықтар мұны құдайдың берген белгісі деп отыр.
"Иса біздің қалаға келді. Сіздерді құдай жарылқайды", - дейді адамдар. Алайда скептиктер мұны күн сәулесі мен бұлттардан осындай фигура кездейсоқ пайда болған дегенді айтады.
© facebook