15 қараша 2017 | 12:38

1993 жылы алғашқы теңгеге не сатып алынды: алматылықтар естеліктерімен бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: ztgzt.kz Иллюстрациялық сурет: ztgzt.kz

Қазақстандықтар 1993 жылы алғашқы теңгеге не сатып алғандары туралы айтып берді. Алматылықтардың алғашқы отандық ақша туралы естеліктері туралы ролик Facebook желісіндегі "Женский Базар" видеоблогында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар 1993 жылы алғашқы теңгеге не сатып алғандары туралы айтып берді. Алматылықтардың алғашқы отандық ақша туралы естеліктері туралы ролик Facebook желісіндегі "Женский Базар" видеоблогында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

 "Бүгін Қазақстанның ұлттық валютасының "туған күні". Содан бері 24 жыл өтіпті, дегенмен, адамдар теңгемен жасаған алғашқы саудаларын ұмытқан жоқ. Рубльден бас тартып, алғаш рет жаңа ақша қолыңызға тигенде өзіңіздің не сатып алғаныңыз есіңізде ме және оның бағасы қанша еді?", - деген сұрақ қойыпты ролик авторлары желі қолданушыларына. 

Тұрғындар рубльдерді жаңа валютаға айырбастаған кезде әр адамның қолына 200 теңгеден тигенін есіне алды. Олардың сөзінше, ол кезде 100 теңгеге бір қой, ал 400 теңгеге бір сиыр алуға болатын. 

"Қолымызға алғаш ақша тигенде, 8 теңгеге пәтерді жекешелндіргенмін", - дейді ер адам. 

"Түсініксіз қағаз, бірақ, олар бір күш беретіндей. Біз кезекте тұрып, оларды қимаған едік. Нанда қымбат болатын. Жаңа теңгемен нан арасында бір теңдік бардай сезілетін", - дейді тұрғындардың бірі. 

Кей адамдар 90-жы жылдары бір бөлке нан 25 тиын тұрғанын есіне түсірді. 

"Ол айырбас күні болатын. Жұмыстан шығып, теңге не екенін және қаншадан екенін білгім келген. Ал менің алғаш сатып алғаным сникерс шоколады болатын. Ол кезде құны 4 теңге", - дейді белгілі журналист Полина Шиманская. 

Қазақстанда 15 қараша Ұлттық валюта күні болып есептеледі. 1993 жылы елімізде бір доллардың құны 4,7 теңге болған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети