Алматы маңында Fokker-100 ұшағы құлаған орын. © Reuters
2019 жылы әуе апатынан 257 адам қаза тапқан. Бұл туралы To70 консалтинг компаниясының жыл сайынғы есебінде жазылған.
2019 жылы әуе апатынан 257 адам қаза тапқан. Бұл туралы To70 консалтинг компаниясының жыл сайынғы есебінде жазылған.
Ұйым мәліметінше, 2019 жылы әлемде 86 әуе апаты болған. Оның сегізі адам қазасымен аяқталған. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе аз. 2018 жылы 157 ұшақ апатқа ұшырап, 534 адам қаза болған.
Осылайша, мамандардың бағасы бойынша, 2019 жылы 5,5 миллион рейстің біреуі адам шығынын әкелген апатпен аяқталған.
Естеріңізге салсақ, 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапқан болатын.