19 маусым 2015 16:18

2045 жылға дейінгі Алматының болашағына болжам жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © buzzfeed.com Иллюстрация. © buzzfeed.com

Buzzfeed порталында блогерлердің бірінің Алматының 2045 жылға дейінгі дамуы туралы жазған мақаласы пайда болды. Автордың болжамы бойынша, ол уақытқа дейін қала оңтүстіктен солтүстікке дейін 60 шақырымға созылады, ал халқының саны 6 миллионнан асады. Үйлер жер сілкінісінде зақымданбайтын болады, ал Қапшағай су қоймасында электр қуатын шығаратын және маңайдағы егістікті суаруға арналған күмбез пайда болады.

Мақалада автор Алматы тұрғындарының 2025, 2035 және 2045 жылдары қалай өмір сүретінін сипаттайды. Оның ойынша, 10 жылдан кейін қаладағы биік дуалдар жойылады. Оған қылмыстың төмендеуі мен Алматының келбетін жақсарту қажеттілігі себепші болады.

Сонымен қатар, 10 жылдан кейін алматылықтар жекеше газбен жылытуға өтеді деген болжам бар. Оның себебі - жылу жүйесінің тым ескеруі, қазірдің өзінде оның 60 пайызы тозған.

Болашақ Алматының болжамды сипаты туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети